Версия для печати

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

Пятница, 21 Сентябрь 2018 11:36 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2889 раз
Оцените материал
(0 голосов)

photo 2018-08-24 14-41-44

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін жетілдіру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тілектерін қабылдауға мүмкіндік беретін«Краудсорсинг» жобасын іске қосты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтік желілер және кері байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлі проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистерді жетілдіру бойынша көптеген өтініш-ұсыныстар түсіп жатыр. Енді ықылас танытқан әрбір азаматтың мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгізушілер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистерді жетілдіру бойынша инновациялық идеяларын күтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тілектердің барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тілектерді мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен құрылған комиссия сараптамадан өткізіп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшін https://www.gov4c.info/ сілтемесі арқылы өтіп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайтқолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пікірлер жазып, тіпті бағалай алады.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

 

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

 

Баспасөз қызметі

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.