Күдіктіні ұстаған жаралы полицей Избранное

Пятница, 19 Октябрь 2018 04:04 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2587 раз

Шымкентте полиция қызметкері өзінің жаралы екені қарамастан күдіктіні қолға түсірді. Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полицейлер көшедегі тәртіпті бақылау кезінде автотұрақ маңында бір топ адамның күдікті әрекетін байқайды.

Тәртіп сақшылары жағдайды анықтамақ болып, жақындағанда күдіктілер қаша жөнелген. Учаскелік полиция инспекторы оның соңынан қуып жеткен кезінде күдіктінің біреуі тәртіп сақшысына қарсылық көрсетіп, бірнеше рет пышақ сұғып алады. Дегенмен, инспектор жарақатына қарамастан қоян-қолтық күрес әдісін қолданып, күдіктіні қолға түсіреді.
Соңынан көмек келіп, жаралы полицей сол сәтте қалалық ауруханалардың біріне жеткізіледі. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғушылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.