Судьялар Жолдауға үн қосып... Избранное

Среда, 24 Октябрь 2018 04:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2383 раз

Халықтың сотқа деген сенімін арттыру, сотқа заманауи техникалар енгізу арқылы уақыт үнемдеу, мықты заңгерлерді судьялық қызметке тарту.

DSC 9383

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында сот жүйесін дамыту бойынша осындай нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Елбасының осы тапсырмаларын іске асыру жолдарын талқылау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева шымкенттік судьялармен кездесті.
– Елімізде сот жүйесінде көптеген реформалар жүзеге асып келеді. Елімізде дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуде Медиация туралы заң қабылданды. Кездесу барысында алда сот жүйесінің жұмысын жандандыруда қандай мәселелерге назар аудару қажеттігінде пікірлеріңізді тыңдағым келеді. Себебі қазір Парламентте біршама заңдарға өзгеріс енгізілу қарастырылуда және келесі жылдың бюджеті нақталынып жатқандықтан, айтар ұсыныстарыңыз маңызды, - деді Балайым Кесебаева.
Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков шаһардағы сот саласында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Ал кездесуде сөз алған қалалық соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағасы М.Пәрменов пен Е.Жанғазин сотта енгізілген технологиялардың тиімділігіне тоқталса, қалалық соттың судьясы Н.Биболов бітімгершілік істің орындалуына тоқталып, шалғайдағы елдімекендерге медиаторларды көптеп тарту қажеттігін қозғады. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов кездесуде айтылған ұсыныстардың ескерілетінін жеткізді.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі. 

Другие материалы в этой категории: « Судьялар Жолдауға үн қосып... Фронт-офис ашылды »