Фронт-офис ашылды Избранное

Среда, 24 Октябрь 2018 04:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5448 раз

«Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының аясында Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотында салтанатты түрде фронт-офис ашылды.

Фронт-офис 7

Іс-шараға ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Шымкент қалалық сотының жаңадан тағайфндалған төрағасы Е.Рахымбеков, қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жангазин, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Парменов, қалалық соттар әкімшісінің міндетін атқарушы Н.Байтілесов қатысты.
Аумағы 140 ш.м. кеңсе халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Мұнда медиаторлар, адвокаттар мен іс тараптарының материалдармен танысуына арналған жеке үш жеке кабинет жасақталған. Офистің көп бөлігін ашық кеңістік құрайды. Бұлайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді дейді аудандық соттың өкілдері.
А.Рахметулин фронт-офистегі ақпараттық орталық, кіріс хат-хабарлар және өзіндік қызмет көрсету аймақтарынан тұратын үш негізгі бөліктің жұмысымен танысты.
Сотқа келген азамат ішкі кеңсе аймағында сотқа қажетті құжаттарын тапсыра алады, сонымен қатар сот мәжілісінің хатшысымен азаматтарға арналған телефон арқылы байланыса алады. Ресепшн қызметкерлері әр келушіні жайдары жүзбен қарсы алып, олардың келу мақсатын мұқият тыңдайды. Олар медиаторға немесе адвокатқа жүгіну мүмкіндігі туралы да кеңес береді.
Бұған қоса фронт-офисте Шымкент қалалық соты мен адвокаттар алқасының арасында жасалған меморандум шеңберінде адвокат тұрақты түрде жұмыс істейді. Тараптарды іс материалдарымен таныстыруды көздейтін ақпараттық кабинеттің жасақталуы да жаңашылдық болып табылады. Онда тараптарды соттағы істерінің қаралу барысы туралы ақпаратпен таныстыратын соттың арнайы қызметкері кезекшілік етеді.
Жиын соңында А.Рахметулин Еңбекші аудандық сотының ұжымымен кездесіп, ағымдағы мәселелерді талқылады. Төраға судьялар мен сот қызметкерлеріне кәсіби дағдыларын ұдайы арттыруға және дау-жанжалдарды әділ шешуге тілектестік білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.