Сотта татуласқандар көбейіп келеді Избранное

Пятница, 26 Октябрь 2018 05:16 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2924 раз

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында жыл басынан бері 208 іс татуласу рәсімімен аяқталған. Бұл туралы Қаратау аудандық сотында өткен «Соттағы татуласу рәсімдері» атты дөңгелек үстелде айтылды.

Шымкент қаласының судьялары, прокуратура қызметкерлері, адвокаттар және кәсіби медиаторлар бас қосқан жиында пилоттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыға салынды.
– Бітімгерлік ісі еңбек және отбасылық даулар, алиментті өндіру секілді 13 санаттағы істер бойынша қолданылуда. Бүгінде татуласу рәсімімен 208 іс аяқталып, 14 жағдайда тараптар өзара бітімгершілікке келді, 182 іс сот медиациясымен, төртеуі кәсіби медиаторлардың қатысуымен қаралды. Қазір қылмыстық істер бойынша да татуласу рәсімін қолдануды бастадық, - дейді Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахменберді.
Татуласу рәсімдерін жүргізетін судья Ж.Мүсірәлі сот ғимаратында арнайы кабинет ашылып, медиация ісін жүргізуге барлық жағдай қарастырылғанын атап өтті. Ал Кәсіби медиатор В.Жүсіпова медиацияның тиімділігін алға тартып, пилоттық жобаны қылмыстық істерде көбірек қолдануды ұсынды.
Жиын барысында, сондай-ақ, осы жобаны іске асырудағы кейбір мамандардың жетіспеуі, тараптардың бірдей мезгілде сотқа келмеуі секілді мәселелер сөз болып, мамандар оларды шешудің жолдарын бірлесе қарастырды.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.