Электрондық шот-фактура

Четверг, 15 Ноябрь 2018 09:01 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5643 раз

2017 жылдың 1 қантарындағы Салық кодексінің  263-бабының 2 тармағына сәйкес 2019 ж. 1 қаңтарынан бастап барлық ҚҚС төлеушілері шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.

2018 жылдың 1 қантарындағы Салық кодесінің  412-бабына сәйкес шот-фактура салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайда  қағаз жеткізгіште, телекоммуникациялар желісі болған  жағдайда электрондық нысанда жазып беріледі. Электрондық шот-фактураны енгізу тауар сатушыларға шот-фактураларды электронды түрде жазып беруге мүмкіндік туғызады, бұл мәліметті өңдеу уақытын үнемдеп және шығындарды (қағаз, принтерді пайдалану, пошталық маркалар, жеткізу) азайтып, кәсіпкерлердің шот-фактура жазудағы жұмыс өнімділігін арттырады.

Электронды түрде жазылып, берілетін  шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, жіберу және сақтау электрондық ш/фактураның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады,  электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.

Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазыпберіледі.

Шот-фактурада мыналар:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;

2) шот-фактураның реттiк нөмiрi;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты  және   тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына атауы; сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін.

4) шот-фактура жазып берiлген күн.

5) Салық кодесінің  416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – Комитент немесе  комиссионер.

6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада  акциздің сомасы  қосымша көрсетіледі;

7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;

9)қосылған құн салығының мөлшерлемесі;

10) қосылған құн салығының сомасы;

11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы,

12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының құны;  шот-фактураның нысаны көрсетілуге тиіс;

 

Уәкілетті орган:

 

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.

Шот-фактура электрондық нысанда жазып берілген кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактура тіркелген күн жазып берілген күн болып табылады;

электрондық нысанда – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.

ҚҚС төлеушілер шот-фактураны электронды түрде жазып берген жағдайда ҚҚС –ың декларациясының сатушы 300.07 қосымшасын, сатып алушы 300.08 қосымшасын толтырмайды.

 

Последнее изменение Четверг, 15 Ноябрь 2018 09:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.