Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі. Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.
Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын талаптарға сәйкес келуге
2) мынадай ақпаратты шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; алғашқы шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы.