Соттар әкімшісіне жаңа басшы келді Избранное

Пятница, 23 Ноябрь 2018 05:05 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3144 раз

Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Байтілесов тағайындалды. Жаңа басшыны қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин таныстырды.

125

 

– Нұрсұлтан Байтілесов – сот саласында тәжірибесі бар, еңбекқор, кәсіби білікті, бірнеше тіл меңгерген жас маман. Мегаполис қаланың сот жүйесін дамытуға өзінің үлес қосатынына сенімдімін, - деді Е.Жанғазин.
Нұрсұлтан Төленұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Мамандығы бойынша – құқықтанушы, заңгер, заң ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын Астана қаласындағы Алмалы аудандық сотында жетекші маман болып бастаған.
2010-2016 жылдары Астана, Атырау және Павлодар облыстық соттарының кеңсесінде қызмет етті. 2016-2018 жылдары ҚР Әскери сот әкімшісінің басшысы болды. Ал 2016-2018 жылдары ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Төленұлы еліміз бойынша соттар әкімшісінің ең жас басшысы болып отыр.

Последнее изменение Суббота, 24 Ноябрь 2018 14:03
Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.