Ерлік ескерусіз қалмайды Избранное

Пятница, 23 Ноябрь 2018 05:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3419 раз

Бейбіт заманда ерлік жасаған тәртіп сақшысы Нұрлан Тасболатов «Қазіргі заман қаһарманы»төсбелгісімен марапатталды. Мұндай төсбелгіге республикада 15 тәртіп сақшысы лайық деп танылған.

124

 

Батыс Қазақстан облысында өткен «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясында қырағылық танытып, ел қамы үшін өмірін тәуекелге тіккен жаңа ғасыр батырларының ерлігі мен өжеттігі жұртшылыққа дәріптелді. Биылғы басқосуда өздерінің қызметтерін атқара жүріп, ерлік таныта білген, түрлі жағдайда (өрттен, судан, қылмыскердің қолынан) зардап шеккен адамдарды құтқарған 15 тәртіп сақшысына ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың алғыс хаты табыс етіліп, кеудесіне «Қазіргі заман қаһарманы» төсбелгісі тағылды.
Еске салсақ, Нұрлан Тасболатов өз өмірін қауіпке тігіп, көршісін өрттен құтқарып қалған болатын. Қазығұрт шағынауданында үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шығады. Сол үйге жақын жерде тұратын полиция капитаны көп ойланбастан үйге қойып кетіп, өз өміріне қауіп төніп тұрса да жанып жатқан үйден үй иесін алып шығады. Тәртіп сақшысы ары қарай өртті сөндіруге кіріседі. Осылай жүргенде өзін де күйік шалған полицейдің бұл ерлігі ескерусіз қалмады.
Қазақстандық батыр полицейлердің басын қосатын акция осымен алтыншы рет ұйымдастырылып, «Қазіргі заман қаһарманы» төсбелгісі алғаш рет беріліп отыр.

Последнее изменение Суббота, 24 Ноябрь 2018 14:02
Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.