Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген стандарт негізінде аумақтық сот орындаушылары бөлімдері «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжатының негізінде атқарушылық іс жүргізу өндірісін қозғау» мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарына қандай құжаттар қажет?осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш; Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілген cот бұйрығы; судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актiсінің негiзiнде берiлген атқару парағы (сот бұйрығы мәжбірлеп орындатуға ұсынылған жағдайда атқару парағы берілмейді); жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіруүшін).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін алым алынбайды. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1)көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының
аумақтық сот орындаушылар бөлімі
филиалының сот орындаушысы
А.Тойшибекова