Қоғамда оң өзгерістерді қалыптастыруға негіз болады

Пятница, 30 Ноябрь 2018 12:06 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 108 раз

Елбасымыз осы уақытқа дейін Қазақ­стан халқына әр жылда 23 Жолдау жолдапты. Онда Елбасы жыл сайын атқарылған ауқымды істері мен келешекке жоспарланған жүйелі жұмыс­тардың ретін қазақстандықтарға көрсе­тіп отырады. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі  - халықтың тұрмыс сапасын өсіру мен өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мәселесін бірінші кезекке шығырды. Елбасы осы қажеттілікті дөп басып, биылғы Жолдауды «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп атады. Мемлекет басшысы проблемаларды атап қана қоймай, әдеттегідей оларды шешудің де жолдарын көрсетіп берді. Халық­тың тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік секторға, қауіп­сіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыс­т­арының басымдықтарын қайта қарауды ұсынды.

Бұл Жолдауда табыс пен тұрмыс мәселесі айтылып қана қоймады, Мемлекет басшысы жаңа бастамаларды жариялады. Солардың бірқатарына тоқталып өтетін болсақ, біріншіден, білім және ғылым саласы. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін дейін өсетін болады, бұл игі бастама 1 миллион 300 мың адамның еңбекасқысын тікелей қамтиды. Бұл қуанышты жайт, жалақысы төмен бюджеттік салада қызмет істейтін көптеген жұмысшыларды қамтиды.

Алдағы жылдары білім, ғылым және денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындар көлемі ЖІӨ-нің 10%-ына жетеді. Бұл әрине, өте маңызды қадам. 

Сондықтан, Президенттің жаңа бүкіл қоғамда оң өзгерістерді қалыптастыруға негіз болады. Бұл күшін бірлік пен ұлтаралық бейбітшілік қажет. Осыған орай, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауындабылай деп хабарлады: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды».

Сонымен бірге келесі жылды Жастар жылы деп жарияланды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының биылғы Жолдауы – түгелімен дерлік жастар мәселесіне арналды. Сондықтан биылғы Жолдау – жастарға арналған Жолдау болды деп айта аламын.

Л.О.БУРАБАЕВА,

Шымкент қаласы Әл-Фараби

ауданының аумақтық сот

орындаушылар бөлімінің

сот орындаушысы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.