«Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі»

Пятница, 07 Декабрь 2018 10:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 679 раз

2018 жылғы 17 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБҚИ) бойынша жыл сайынғы есепті жариялады. 2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын және төртінші индустриялық революцияның (4ИР) дамуын ескере отырып, 2018 жылы ЖБҚИ әдіснамасы айтарлықтай өзгертілді. Жаңа ЖБҚИ 4.0 әдіснамасына сәйкес статистикалық индикаторларға негізгі екпін жасалды (олардың үлесі 70%, ал сауалнамалық индикаторлардың үлесі 30% құрайды). Сонымен қатар, барлық факторлардың үлестері бірдей. ЖБҚИ есебінің құрылысы мынадай 12 фактордан тұрады: «Инфрақұрылым», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)», «Макроэкономикалық тұрақтылық», «Денсаулық», «Білім және дағдылар», «Тауарлардың нарығы», «Еңбек нарығы», «Қаржылық жүйе», «Нарықтың өлшемі», «Бизнестің қарқындылығы» және «Инновациялық әлеует». ЖБҚИ 2018 есебінде бағаланатын елдердің саны 140 елді құрады, олар әлемдегі барлық халықтың 94% және әлемдік ЖІӨ 98% қамтиды. ЖБҚИ 98 көрсеткіштерге шақталады, олардың арасында 54 көрсеткіш халықаралық ұйымдардың деректеріне негізделеді, ал 44 көрсеткіш ЖБҚИ сауалнамасына негізделді. Биылғы жылы рейтингте Америка Құрама Штаттары бірінші орынды алды, бұл рейтингке соңғы 5 жыл ішіндегі көшбасшылардың үштігі кірді. Рейтингтің көшбасшылары болып Сингапур, Германия, Швейцария және Жапония қалды. 2018 жылғы рейтингтің нәтижелері бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллымен 59-шы орынды иеленді, яғни 2017 жылғы жайғасымда қалды. Бәсекеге қабілеттіктің 12 факторының арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар орын алды, яғни 4 фактор бойынша төмендеді және 3 фактор бойынша жайғасымдар төмендеген жоқ. 98 индикатордың арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.

ҚР Әділет министрлігі 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша, яғни «Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі»,  «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі»,  «Меншік құқығы»,  «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары бойынша жауапты орындаушы болып табылады. Елбасы өз Жолдауында «Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек, - деп атап көрсеткен.

ҚР Азаматтық кодексінің 188-бабында меншік құқығы  — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы беріледі делінген. Яғни, меншікке қол сұғу заңға сәйкес жауаптылықтарға әкеп соқтырады.

Ал азаматтық заңнаманың тиісті баптарында жеке меншіктегі мүлікті пайдалану тәртібі, оны заңсыз  пайдаланудағы құқықтық салдары, қол сұғылған меншікті қайтару мен өндіру тәртібі, меншікке қол сұғушылықтан қорғалу жағдайлары қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясына сай меншік заңмен қорғалады және соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.

                                                                                          

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

                                                                                         әділет басқармасының басшысы

                                                                                         БОТАН Дина Балтабекқызы

                                                                           «Қазақстан Заңгерлер Одағы»

                                                                                    РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.