Версия для печати

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

Вторник, 11 Декабрь 2018 11:04 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2504 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген стандарт негізінде аумақтық сот орындаушылары бөлімдері «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжатының негізінде атқарушылық іс жүргізу өндірісін қозғау» мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті беруші арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі төмендегідей болады:осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш; Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілген cот бұйрығы; судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актiсінің негiзiнде берiлген атқару парағы (сот бұйрығы мәжбірлеп орындатуға ұсынылған жағдайда атқару парағы берілмейді); жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіруүшін).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін алым алынбайды. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының

аумақтық сот орындаушылар бөлімі

басшысы- аға сот орындаушысы

Г.Мырзалиева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.