Версия для печати

Елбасы Жолдауы кең қолдауға ие

Среда, 12 Декабрь 2018 11:27 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2377 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауы көптеген жаңалықпен, ерекше тапсырыстармен елді елең еткізетіні анық. Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында барлық салалардың жұмысын жандандыру мен серпілтуге бөлек-бөлек тоқталып, ондағы кезек күттірмейтін мәселелерді шешудің жолдарын көрсетіп берді.

Соның ішінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен сотқа сенімділікті арттыру жайына да тоқталды. Мәселен, «Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте «алдыңғы шепте» жүреді, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды. Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын», - деді.

Сонымен қатар Елбасы қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет деп ескертті.

Басшылар өздерінің кәсіби қызметінде ашықтық, қолжетімділік және жариялылық саясатын ұстануы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюы, ұжым ішінде меритократия қағидатының ұстанылуын қамтамасыз етуі, бөлек қызметшілерге біржақты жағымсыз қатынастың орын алуына жол бермеуді тапсырып, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс дегенді алға тартты.

Елбасының Жолдауы халық арасында кең қолдауға ие болды. Біздің міндетіміз – қысқа уақытта аталған тапсырмаларды жүзеге асыру.

Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құрудың қажеттігін түсінетін уақыт келді.

 

 

Г. МЫРЗАЛИЕВА, Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының аумақтық

сот орындаушылар бөлімі

басшысы-аға сот орындаушысы.

Последнее изменение Среда, 12 Декабрь 2018 11:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.