Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Четверг, 20 Декабрь 2018 10:37 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 7070 раз

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республика аумағындағы құрылған, олардың құрылу мақсаты, түрі және сипаты іс әрекеті, қатысушылар (мүше) құрамына қарамастан барлық заңды тұлғалар жатады.

Заңды тұлғаның қызметі ретінде, мемлекеттік тіркеусіз рұқсат берілмейді. Мемлекеттік тіркеуі жоқ қызметтен алынған табыс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, республикалық бюджет табысына алынады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет мекемесі (тіркеуші мекемесі) жүзеге асырады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші мекемеге келесі құжаттар тапсырылады:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен орнатылған, нысан бойынша арыз;

құрылтай құжаттары (жарғы немесе ереже) қазақ және орыс тілінде құрылған, үш дана;

шағын және орта бизнеске тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін, тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе басқа құжат;

заңды тұлғаның түріне байланысты басқа да қажетті құжаттар.

Жарғы жеке кәсіпкерлік  субъектілеріне қатысты заңды тұлғалардың регламенттері, олардың филиалдары мен Жарғысының ережелеріне қоспағанда өкілдіктері, акционерлік қоғамдар, олардың өкілі, филиалдары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды.

Шағын кәсіпкерлікке тиесілі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «Электрондық үкімет»веб-порталында толтырылады және электрондық хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ орта кәсіпорындар да «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу үшін өтініш бере алады. Электрондық тіркеу арқылы 1 сағат ішінде бизнес-сәйкестендіру нөмірі тағайындалған электрондық сертификаттар беру арқылы заңды тұлға мәртебесін растайды.

Тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде, монополияға қарсы органнан қосымша келісімі талап етіледі.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу өтінішін тіркеуші органға қолын қойып құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі немесе уәкілдік берілген тұлға береді.

Шет ел қатысушылары бар заңды тұлғаны тіркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларын тіркеу үшін орнатылған ретімен туындайды.

Заңда көзделген құжаттардан басқа, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен өзгеше бекітілмесе қосымша мынадай құжаттар тапсырылады:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Маматаева Майра Ауесбековна

                                                                                  Шымкент қаласының Әділет

         басқармасының бас маманы 

Последнее изменение Четверг, 20 Декабрь 2018 10:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.