Жол ережесіне сақ болыңыз!

Среда, 23 Январь 2019 04:59 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3153 раз

Шымкент қаласында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Рейд барысында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 250 қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен хаттама толтырды.

Полиция

Рейд барысында тоқтатылған қалааралық немесе аудан орталықтарына қатынайтын жолаушылар көліктерінің көбісі талапқа сай болмай шыққан. Мысалы, автобустардың кейбірінде жолаушылар орындығына зат тиелген. Ал басқа автобустардың ішіне заңсыз жатын орын қойылған. Тәртіп бұзған азаматтардың барлығына ҚР ӘҚБжК тиісті баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар кесілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.