Мобильді топ оқушылардың құқығын қорғайды Избранное

Пятница, 25 Январь 2019 04:41 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4745 раз

Шымкенттегі білім беру мекемелерінде кәмелет жасына толмағандардың мүддесін қорғайтын мобильді топ құрылады. Осылайша, қалалық әкімдік, білім басқармасы мен прократура, ішкі істер қызметкерлері қылмыспен күресте жұмылуда.

9999999

Жуырда қалада «Кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы қалалық ата-аналар мен тиісті сала мамандарының бірлескен жиналысы өтті. №130 мектептегі жиында ата-ананың заң алдындағы міндеттері мен жеткіншектердің зорлық-зомбылықтан жапа шегуі жайы сөз болды.

Қаратау ауданының прокуроры Сабыржан Арапбайдың айтуынша, Шымкентте жеткіншектер арасындағы қылмыстар және зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жетіншектер, суицид бойынша фактілер азаймай тұр. Арнайы жүргізілген зерттеудің нәтижесінде белгілі болғаны, аталған қылмыстық оқиғаларға бейім балалар мен жәбір көрген балақайлар «қолайсыз отбасыларда» жиі кездеседі. Яғни, ата-анасы 2-3 рет некелескен немесе алкогольді ішімдікке салынған жанұялар. Сала мамандарынан құралған арнай топ алдағы уақытта аталған отбасылардан шыққан оқушыларды тексеріп, есепке алады. Олармен және отбасыларымен мобильді топ жұмыс жүргізеді.

Жиын барысында мектеп инспекторы Асылхан Байсариев қауіпсіздік шаралары жайында баяндама жасаса, білім ошағының психологтары «Баланың құқығын қорғау – қоғамның міндеті» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Онда ата-аналар ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, балаларының қауіпсіздігі, баланың психикалық дамуына қатысты тәжірибелерін ортаға салды. Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласты.