Версия для печати

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бүгінгі күн талабы»

Среда, 13 Март 2019 05:29 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2588 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылад.Қарапайым халықтың мемлекеттік қызметке сенімін жоғалтатын, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, іргесін сөгетін бүгінгі таңдағы қауіптің бірі –сыбайлас жемқорлық. Бұл туралы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы дүниеге келді.  

Елбасымыздың Қазақстан халқына әр жылғы Жолдауларында басым айтылып, осы індеттің тамырына балта шабу жолдары да айқындалып, берілуде. Заңда көрсетілген негізгі мақсатар сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оларға кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жағдайларын белгілейді.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының  негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауіп қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiн негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Осындай аса қауіпті қоғамдық кеселдің алдын алып, жолын кесу үшін сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенінше тосқауыл қойып, еліміздің экономикасының қарыштап дамуы және халқымыздың әл-уақатының жақсара түсуі жолында аянбай еңбек ете беруіміз қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бір науқандық шара ретінде қарамай, үнемі қоғам болып күресуіміз қажет қазіргі таңда сол мәселе мемлекеттің басты назарында болып отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында Ордабасы аудандық әділет басқармасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Басқармада ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасы басты назарда болғандықтан, соның негізінде 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары түзілген.  

Іс-шаралар жоспарына сай, басқарма қызметкерлерінің әрбіріне сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында міндеттер бекітілген Әділет басқармасында сонымен қатар қызметкерлеріміздіғ білі мен біліктілігін нықтай түсу мақсатында арнайы кесте бекітіліп, Қазақстан Республикасының заңдарын игеру бойынша сабақтар өткізілуде.

 

 

Д.Е.Шойынбеков

Ордабасы  аудандық  Әділет 

басқармасының  басшысы,

«Қазақстан  Заңгерлер  Одағы »  РҚБ,

Түркістан облысы флиалының  мүшесі.

Последнее изменение Среда, 13 Март 2019 05:38
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.