«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Салық кодексіне өзгерістермен толықтырулар еңгізілді

Четверг, 14 Март 2019 10:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2498 раз

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сәйкес биылғы жылдын басынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілген. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді.

Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады.

Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 тенгені құрап отыр.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

  • жеке табыс салығы 10 %;
  • - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 20 %;
  • - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 30 %;
  • - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 %, - деді

Айта кететін жайыт, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сәйкес өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 % жарнаны 2020 жылдың 1 қантарынан бастап аударатын болады.  

Сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сәйкес 2020 жылдан бастап мемлекет азаматтардың 13 санатына сақтандыру жарнасын аудара бастайды, атап айтсақ:

• балалар;
• жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
• жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
• осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
• жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (бала асырап алуға) байланысты үш жасқа толғанға дейін күтім жасайтын адамдар;
• 18 жасқа дейнгі мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
• зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
• сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
• тергеу изоляторларында отырғандар;
• жұмыс істемейтін оралмандар;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
• мүгедектер;
• орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар жатады
.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Шымкент қаласы бойынша филиалының

халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі

бөлімінің басшысы А.С.Беден

 

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Қалалық балалар клиникалық ауруханасы»

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

бас дәрігері Г.Укбаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.