Қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілер тізбесі туралы

Пятница, 15 Март 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 694 раз

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне  25.12.2017 жылғы №121-VI  Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 93-ші баппен,   салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату енгізілгенін хабарлайды. Аталған баптың 2-ші тармағы 2-ші тармақшасына сәйкес,  Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеу есебінде тұрған, қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатуға жататын субъектілердің тізбесі Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  http://shymkent.kgd.gov.kz  сайтында жарияланған.

Кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың, қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттарымен қоса берілген  өтініштері (наразылықтары) ағымдағы  жылдың 1 маусымына дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады:

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 68 үй, № 209 бөлме.

Байланыс нөмірлері: 36-71-16, 36-70-97;

 

                                                                       Еңбекші ауданы 

                                                                             Мемлекеттік кірістер

                                                                басқармасының бөлім басшысы

                                                                                       К.Сапарбекова

Последнее изменение Вторник, 19 Март 2019 10:03
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.