Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Пятница, 15 Март 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 828 раз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды. Жалпыға белгілі жағдай, жемқорлықты тудыратын тек Қазақстанға ғана қатысты емес, жаңғырту жолындағы әсіресе орталықтанған жүйеден нарықтық экономикаға көшуді бастан өткеріп отырған елдерге де қатысты мәселелер жатады.

Жыл сайынғы Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді жаңғырудың басты мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу екенін айтады. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсеге бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты.

Еңбекші ауданы бойынша МКБ да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, онымен күресу бағытында тиісті шараларды жүзеге асырып отыр. Сонымен-қатар Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

 

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы

                   Г.Мамаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.