Әдеп кодексі - Әдептілік негізі

Пятница, 15 Март 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4517 раз

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, іс-әрекеті мен қызметтік әдебіне тиісті бақылау жасауды әдеп жөніндегі кеңестер жүзеге асырады. Бұл кеңестің ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілердің теріс қылықтарын теруден гөрі қызметтік әдеп нормасын бұзушылықтардың алдын алуға басымдық береді

   Ал аталған Әдеп жөніндегі кеңес Әдеп кодексінің талаптарына сүйенеді. Әдеп жөніндегі кеңестерге тәртіптік істерді қараумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу құқығы берілген. Сонымен бірге, қызмет барысында лауазымы кіші әріптестермен, лауазымы жоғары қызметкерлермен және басшылармен қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы, көпшілік алдында өздерін ұстауына байланысты мінез-құлық қалыптары белгіленген. Әдеп кодексі бойынша азаматтар белгілі бір түсінік алу үшін немесе әріптестердің арасында күрделі жағдайларды реттеуде және мемлекеттік қызметшілерге шектеулер мен тыйым салулар бойынша әдеп жөніндегі уәкілге жүгінеді.

   Қызметшілер құқығы бұзылған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл оларды қалпына келтіру шараларын жасайды, мемлекеттік орган басшылығына заң бұзуға итермелейтін себептер мен жайттарды жоюға қатысты ұсыныстарын айтады, азаматтық қоғам институттары мен өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет етеді, қызметшілер мен азаматтарды қабылдайды.

   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқалы органдары болып саналатын әдеп жөніндегі кеңестер өз отырысында әрі құзыры шегінде әдеп жөніндегі уәкілдердің есептерін тыңдауға құқылы. Әдеп жөніндегі уәкілдер орталық атқарушы органның жауапты хатшысына, ал жауапты хатшы жоқ кезде немесе ондай лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда мемлекеттік орган аппараты жетекшісіне немесе қызметке тағайындап, қызметтен босату құқығы бар тұлғаға бағынады.

 

Қаратау ауданының аумақтық

сот орындаушылар бөлімі аға

сот орындаушысының

м.а. Қ.Керімжанов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.