«Электронды үкімет» Алтын уакытынызды алмайды

Пятница, 15 Март 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 851 раз

Ақпараттық ғасырдың жаңалығы үнемділікпен астасып жатады. Әрине, бұл заман талабы. Қандай сала болмасын аз уақыт, аз шығын жұмсап, мол өнім алғысы келеді. еліміз өркендеп, техника мен технология дамыған заманда жұртқа көрсетілетін қызметтердің сапалылығы ғана емес, оның уақыт үнемшілдігі де басты мәселе болып отыр.

 Міне, осындай әлемдік ауқымда жүргізіліп жатқан замануи үрдіс пен өркениеттің жаңа көшінен Қазақстан да қалыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда елімізде қоғамның барлық саласында ақпараттандыру үрдісі қызу қолға алынған. Елімізде электронды үкімет құру идеясы да бүгінде өз жемісін бере бастады. «Электронды үкімет» ұғымы барлық мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстаннның «Электронды үкімет» порталының қоғамдық сұраныстар үдесінен шығатын мүмкіндігі мол. Порталда экономика, білім беру, мәдениет, еңбек, денсаулық сақтау, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000-нан астам ақпапарттық қызмет көрсетіледі. «Электронды үкімет» порталы тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әртүрлі электронды қызметтерін ұсынады. Яғни, үйде отырып-ақ, түздің жұмысын бітіруге болады сөз. Кешегідей көп уақытыңызды кезекте тұруға жұмсамай, әуре-сарсаңға түспей, бюрократизмге ұрынбай, делдарға шығынданбай-ақ мемлекеттік анықтамаларды үйдегі компьютермен тындыруға болады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшінтіркеуші органға құрылтайшы «Электронды үкімет» веб-порталында толтырылатын және электрондық сандық қолы қойылатын электрондық құжат нысанындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталуы туралы хабарлама беріледі. Тіркеу алымын төлеу «Электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асады. Құрылатын заңды тұлға туралы мәліметтер Ұлттық тізілімде афтоматты түрде өңделеді. Әділет басқармасының қызметкерлері халыққа бұл жаңашыл жүйенің тиімділігін түсіндіріп, мол ақпарат беріп отырады. 

 

 

Қаратау ауданының аумақтық

сот орындаушылар бөлімі аға

сот орындаушысының

м.а. Қ.Керімжанов

Последнее изменение Среда, 27 Март 2019 10:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.