БИЗНЕС-ОРТАНЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ САУДА-САТТЫҚ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢНАМАҒА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

Вторник, 16 Апрель 2019 12:57 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 653 раз

ак орда

Мемлекет басшысы кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы одан арғы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңға коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу функциясын әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына  беру бойынша түзетулер енгізілді (норма 2019 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі).

            Page001Атап айтқанда Азаматтық, Бюджеттік, Кәсіпкерлік, Салық кодекстеріне, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Әділет органдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Банктер және Қазақстан Республикасындағы банк қызметі туралы», «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға коммерциялық ұйымдардың функцияларын Мемлекеттік корпорацияға беру бөлігінде түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға түзетулер енгізілді:

4-бапқа. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар:

- «Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады;

            Заңның 5-1 және 5-2 баптары келесі редакцияда толықтырылған:

        - Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеу) өткізген кездегі, олардың қызметінің тоқтағанын мемлекеттік тіркеген кезде, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеген (қайта тіркеу) және есептік тіркеуден алған кездегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыреті;

       - Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін мемлекеттік бақылау;

            10-бап. Тіркеу алымының төлемі келесі редакцияда баяндалған:

            - мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалардың қызметінің тоқтауын мемлекеттік тіркеу, есептік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден алу кезінде Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленуі тиіс басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен (Салық кодексі) анықталған тәртіпте тіркеу алымы алынады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері бұдан тыс.

          - коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеуші орган жүзеге асыратын қызметтер бағасын антимонополиялық орган мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің келісімі бойынша орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталатын өкілетті орган белгілейді.

            Оған қоса Заңның 16-бабы оныншы бөліммен келесі редакцияда толықтырылған:

       - «заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметі келесі жағдайларға сәйкес бір уақытта мәжбүрлі тәртіпте тоқтатылуы тиіс: бизнес-сәйкестендіру нөмірін алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте тіркеуші органға жүгінбеген; салық төлеуші ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген. Қызметті мәжбүрлі тәртіпте тоқтату заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізген органның арызы бойынша сот тәртібінде жүргізіледі. Заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау соттың заңды күшіне енген мәжбүрлі түрде тарату туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.          Қазіргі уақытта жоғарыда аталған Заңды жүзеге асыруға нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы№ 506 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 1527 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу функцияларын беру жөніндегі Жол картасының 16-тармағында коммерциялық заңды тұлғалардың мұрағаттық тіркеу істерін Мемлекеттік корпорацияға беру жөніндегі іс-шара көзделген.

         Аталған заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер бойынша сіздерде белгілі бір сұрақтар туындаған жағдайда Түркістан облысының әділет департаментінің  8/7233/5-97-48 телефоны арқылы мәлімет аласыздар.

          Өз кезегінде біз қашанда ашық сұхбатқа дайын екенімізді тағыда атап өтемін.

           

Н.ЕРБЕКЕШОВ,

Түркістан облысы әділет
департаментінің заңды тұлғаларды
тіркеу жұмысын ұйымдастыру
бөлімінің басшысы

Последнее изменение Вторник, 16 Апрель 2019 13:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.