Версия для печати

Заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер

Четверг, 23 Май 2019 04:34 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2532 раз
Оцените материал
(0 голосов)

3

2019 жылдың 21 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Заң жалпы түзетулердің бес тобын қарастырады.

Түзетулердің бірінші тобы меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Банктік қарыз шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңындада: банктік шотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін қос комиссияларды; ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн өткен соң есептелген сыйақыны алуға тыйым салынатындығы көзделді.

Салық кодексінде, Неке және отбасы туралы Кодексте және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында алименттік төлемдер үшін ашылатын арнайы шоттардан балаларды ұстауға арналған алименттік төлемдерді өндіріп алуға тыйым салу белгіленген.

Заң қарыз алушы-борышкердің банктік шотынан ақшаны оның берешегін төлеу есебіне алуға шектеу енгізеді, оған сәйкес оның шотында айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең сома қалуға тиіс. Бұл норма қиын қаржылық жағдайға түскен қарыз алушы жеке тұлғаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған.

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңында борышкердің кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өз бетімен сатуы үшін үш ай мерзім белгіленген, оның мүмкіндігі бұрын болмаған.

Сондай-ақ, түзетулер Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою кезінде тең құнды өтеуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.

Мысалы, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңда өтем мөлшері нарықтық құн бойынша анықталатын болады деп белгіленеді. Қазір алып қойылатын учаскенің құны кадастрлық баға немесе азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көзделген құн бойынша анықталады.

Бұдан басқа, мәжбүрлеп алып қою жүзеге асырылатын елді мекен шегінде құны тең өзге жер учаскесін беру мәселесі рәсімдік реттелді. Қазіргі уақытта алып қойылатын жер учаскесінің орнына басқа жер учаскесін беру мүмкіндігі қарастырылған, алайда мұндай беру тәртібінің өзі реттелмеген.  

Бұл ретте, мемлекет пайдасына одан алынған учаскенің орнына меншік иесіне құны тең жер учаскесін беруге байланысты шығыстарды әкімдіктер көтереді деп белгіленеді. Сондай - ақ Конституциялық Кеңестің 2005 жылғы 1 шілдедегі №4 нормативтік қаулысына сәйкес «ерекше жағдайлар» және «мемлекеттік қажеттіліктер» ұғымдарына анықтамалар берілді.

Сондай-ақ, түзетулер мүлікті тәркілеу кезінде тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталған. Осы мақсатта қылмыстық Іс жүргізу кодексінде қылмыстық процестің (сотқа дейінгі және сот) әрбір сатысында мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдағанға дейін оның қылмыстық шығу фактісін анықтау қажеттігі нақтыланады.    

Бұдан басқа, ҚІЖК-де қылмыстық қудалау органы бұрын салған тыйым салуды және үкімді орындауға байланысты тәркіленген мүліктен өзге де ауыртпалықтарды алып тастау жөніндегі соттың құзыреті белгіленеді.      

Екінші топ - заңнаманы халықаралық актілердің ережелеріне сәйкес одан әрі келтіру ұсынылатын «Төрелік туралы» Заңды қолдану практикасында бар проблемаларды шешуге бағытталған.

Атап айтқанда, мемлекеттік органның не квазигоссектор субъектілерінің қатысуымен дауларды төрелік қарау кезінде шетелдік құқықты қолдану мүмкіндігі беріледі. Бұл түзету квазигосектор субъектілеріне сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының арбитражына жүгінуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, түзетулермен тиісті саланың уәкілетті органының тарабы квазигоссектор субъектісі болып табылатын төрелік келісімді жасасуға келісімі қайтарып алынбайтын сипатта болады.

Сондай-ақ заң төрелік шешімді орындаудан бас тартудың негізі төрелік құрамының заң талаптарына сәйкес келмеуі ғана емес, сондай-ақ осы құрамның тараптардың келісіміне сәйкес келмеуі болып табылатындығы туралы нормамен толықтырылады.

Үшінші топ - сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулерді құрайды.

Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексіне және «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес соттар бұрын қарайтын 9 даусыз талаптар нотариустарға беріледі. Бұл, мысалы, жалақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және т. б. талаптар.

Сонымен қатар, тараптардың келісімдеріне негізделген 10 талап жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізуден соттың бұйрықтық іс жүргізуіне берілді.

Бұдан басқа сот орындаушыларының жекелеген қаулыларын санкциялау соттан прокурорларға беріледі. Бұл сот орындаушылардың банк шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету туралы; борышкердің мүлкіне, сондай-ақ жосықсыз жеке немесе заңды тұлғаның банктердегі ақшасына тыйым салу туралы қаулыларын санкциялау.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына шектеулер және борышкерді мәжбүрлеп алып келу соттарда қалады.

Түзетулердің төртінші тобы экономикалық және салықтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге және осыған байланысты салық заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған.  

Кедендік декларацияны жасау кезінде ойсыз қателіктер үшін кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілігін болдырмау мақсатында тауарларды шығару туралы мәліметтерді көрінеу дұрыс емес декларациялау қылмыстық жазаланатын әрекет болып саналады.

Сондай-ақ, кеден төлемдерін төлемегені үшін есептелген ірі мөлшердегі өсімақы мен пайыздарды төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталады. Қылмыстық жауапкершілік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін ғана басталады. Өсімпұл мен пайыздар өз кезегінде міндеттемені орындауға бағытталған әкімшілік ықпал ету шарасы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны және банк ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін залалды өз еркімен өтеген тұлғалар қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.

Сондай-ақ, осы баптарға ескертулерден "бірінші рет" деген сөздерді алып тастау арқылы салық төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК баптары ізгілендіруге ұшырады, бұл кәсіпкерлердің бюджет алдындағы қарыздарын ерікті төлеген жағдайда қылмыстық процесс орбитасына тартпауға мүмкіндік береді. Енді салықтар бойынша берешекті өз еркімен төлеген тұлғалар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қазір салық төлемегені үшін жауапкершілікке алғаш рет тартылған адамдар ғана жауапқа тартылады.  

Бесінші топ - өзге де түзетулерді қарастырады.  

Атап айтқанда, Азаматтық кодексте нотариус депозиті арқылы мәмілелер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ, мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауындағылар бірінші кезек бойынша мұрагерлермен тең мұра қалдырушының ата-аналары, жұбайлары мен балалары кіретін мұрагерлік массаға үміткер болуға құқығы бар.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңда серіктестіктегі үлеске меншік құқығының пайда болу сәті құрылтай құжаттарын түзету кезінде серіктестікті мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу болып табылатыны нақтыланады.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекске түзетулер арқылы шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Республикадан тыс шығарып жіберу сияқты жаза түрі қылмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалатын жазаның негізгі түріне жатқызылған. Бұл шетелдіктерді соттағаннан кейін бірден шығарып жіберуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұндай мүмкіндік жоқ.

Сонымен қатар, заңда тиісті аумақта карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу (жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қойылатын талаптарды жоюды көздейтін заңнамалық актілерге, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындыларын, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын алу қажеттілігі бөлігінде тиісті түзетулер енгізілді.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды кейіннен әділет органдарында мемлекеттік тіркеу кезінде осы талаптарды алып тастау халық пен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Кылмыстық кодекске ұрлықтың қайталануы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін тиісті түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, «орташа ауырлықтағы» санатынан бірнеше рет ұрлық жасау «ауыр қылмыс» санатына ауыстырылады, бұл өз кезегінде айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болдырмайды.

 

 

Б.М. АЛИПБЕК

Шымкент қаласы Әділет департаменті

басшысының орынбасыры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.