Версия для печати

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуде!

Среда, 29 Май 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3069 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен (әрі қарай - Департамент) және оның аудандық басқармаларымен қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес бірқатар бағдарлы іс- шаралар жүргізілуде.

Департамент және аудандық басқармалармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 21 құқықтық жалпы оқытулар мен семинарлар және «Нұр Отан» мен «Кәсіпкерлік палатасының» қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бойынша мамандар арасында 6 семинар-сабақтары жүргізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау тақырыптарында 11 мақала жарияланған.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N221 Заңына сәйкес, өтініш берушіге егжей-тегжейлі жауап бере отырып, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері (өтініштер, шағымдар) уақтылы қаралуда.

«Бір терезе қағидасы» бойынша рұқсат беру құжаттарын қабылдау және беру жұмысы қатаң бақыланып, іске асырылуда.

Департаментте және аудандық басқармаларда арыз-шағымдарға арнайы жәшік арналған және "Сенім" телефондары бар. "Сенім" телефондары бұқаралық ақпараттар құралдарына және әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланып отырады. Ғимараттың кіре берісіне рұқсат беру құжаттарының жаңа үлгідегі тізімі және үлгілері ілінген.

Мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (сан-эпид. қорытынды, есептік нөмір беру, талон, т.б.) «e-gov» порталы және «elicense» электрондық жүйесі арқылы қызмет көрсетуге толығымен көшірілген.

Бұдан басқа, әртүрлі келіссөздерге жол бермеу үшін және азаматтарға барынша ашықтылық көрсету мақсатында басшы және басшы орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауына арнайы бөлме қарастырылған.

Тағы да айта кетерлік жай, мамандармен өткізілген әрбір жиналыста сыбайлас жемқорлықтың жақсылыққа алып бармайтындығы ескертіліп отырады. Сонымен қатар, аудандық басқармалардың мамандарымен әрбір нысанды тексеру барысында алдымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, хаттама толтырылады.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын бұдан әрі күшейту үшін барлық іс-шаралар атқарылуда.

 

Шымкент қаласының

Қоғамдық денсаулық сақтау

департаментінің басшысы

Ә. Қ. Төлебаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.