Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау

Пятница, 28 Июнь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3630 раз

Сот жүйесі жұмысының тиімділігі көп жағдайда сот орындаушыларына олардың өз жұмысын Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес мүлтіксіз жүргізілуіне байланысты. Себебі, сенімді атқарушылық іс жүргізу жүйесін қалыптастыру сот билігінің беделін арттырудың негізгі белгісі. Сондықтан, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауды толығымен қалпына келтіру – сот актісінің шығып,  оның  заңды  күшіне  енуі ғана  емес,   оның   уақытында   орындалуында.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі                 № 221 бұйрығымен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған, порталға өтініш жасаған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық сенімхат бойынша оның өкілі, өкілеттігін растайтын құжат бойынша - заңды тұлғаға) аумақтық әділет органдарына немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:

аталған Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгіну негізіне қарай келесі атқарушылық құжаттардың бірін:

      судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актісі негізінде берілетін атқарушылық парақ;

      Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес берілген сот бұйрығы;

      судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқарушылық парақтар;

      судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқарушылық парақтар;

      соттардың талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;

      атқарушылық жазба;

      3) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 38-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

 

 

Қаратау ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы Қ.Керімжанов

Последнее изменение Понедельник, 01 Июль 2019 06:26
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.