Версия для печати

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Вторник, 27 Август 2019 04:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2504 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Ә.Смайыловтың 2019 жылғы 21 қаңтарындағы №39 бұйрығымен бекітілген бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару Қағидаларына сәйкес:

1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасы;  

2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасы;

3) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайдағы өсімпұл мен айыппұл сомасы есептен шығаруға жататынын назарыңызға жеткіземіз.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы заңның 57-1-бабының нормалары таралмайтын салық төлеушілерге осы Қағидалардың ережелері қолданылмайды.

 

         Д.Баязитов .

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік

 кірістер басқармасының бас маманы.

Последнее изменение Вторник, 27 Август 2019 04:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.