Алкоголь өніміне ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу мен пайдалану қағидалары туралы

Вторник, 27 Август 2019 04:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2938 раз

ҚР-ның 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес, алкоголь өнімдерінің айналымы бойынша яғни, Заңның 9 бабының 5 тармағына сәйкес, ілеспе жүк құжаттары (әрі қарай-ІЖҚ) жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады.

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №35 «Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, алкоголь өнімін осы өнімдердің көтерме саудада қызметімен айналысатын салық төлеушілерден сатып алу барысында, ілеспе жүк құжаттарын міндетті түрде рәсімдеп алулары керек.

Алкоголь өнімінің заңсыз айналымын болдырмау және алдын алу мақсатында, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату қызметімен айналысатын салық төлеушілерге рәсімделген ілеспе жүк құжаттарына, Мемлекеттік кірістер басқармалары салықтық әкімшілендіру және толыққанды талдау, камералды бақылау жұмыстарын жүргізеді.

Алкоголь өнімі күніне 1 литрден аз сатылатын және ілеспе жүк құжаттарынсыз, алкоголь өнімінің заңсыз айналымына жол берілген фактілер анықталған жағдайда, құқық бұзушылықтың тiкелей нысаны болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай жауапкершілікке тартылатын болады.

 

 

Утебаев Мырзабек Султанбекович.

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.