Версия для печати

Алкоголь өнімдерін сақтап және оны көтерме/бөлшек саудада өткізумен айналысатын салық төлеушілер назарына

Вторник, 27 Август 2019 04:06 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2808 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 3 тармағының 6 тармақшасында, алкоголь өнімін, есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады делінген. Яғни, бұл жерде «Wipon Pro» жүйесі сияқты құрылғылар жөнінде айтылып отыр.

Аталған Заңның талаптары бұзылып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты «Wipon Pro» жүйесі және тағы сол сияқты маркалардан ақпараттар оқитын аспаптарды орнатпай сақтау және өткізу түрінде құқық бұзушылық жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 бабының 3 бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес, құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай, елуден бастап – алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Утебаев Мырзабек Султанбекович.

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.