«Әрекетсіз салық төлеуші» мәртебесі қызметіңізге кедергі !!!

Вторник, 24 Сентябрь 2019 03:54 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 291 раз

Әрекетсіз салық төлеушілерге келесі әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады:

Салық Кодексінде белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң корпоративтік табыс салығы бойынша декларациясын; ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық бойынша салық есептілігін үш салық мерзіміне, жеңілдетілген декларация бойынша салық есептілігін екі салық мерзіміне тапсырмаған - заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері; Салық Кодексінде белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң жеке табыс салығы бойынша декларацияларын; ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларацияларын үш салық мерзіміне тапсырмаған; соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған - дара кәсіпкерлер;

Жоғарыда көрсетілген талаптар қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

Салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер:

1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындағаннан;

2) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда (бұзушылық соңғы он екі айда қайталанбаған жағдайда ескерту қолданылады), олар төленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмінен шығарылады.

ҚР Салық Кодексінің 24 бабы 15 тармағы бойынша, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге, корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушімен, оны әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасалған операциялар бойынша КТС шығыстары шегерімге жатпайды.

Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен және контрагенттермен қиындықтардың алдын алу үшін уәкілетті органның интернет-ресурсынан әрекетсіз деп танылған мәліметтер алынуы тиіс.

Осыған байланысты, атқарып жатқан қызметтеріңізге келтіретін кедергілердің алдын алу үшін, салық есептіліктерін тапсыру бойынша салықтық міндеттемелеріңізді мерзімінде және толық орындауды, «әрекетсіз салық төлеуші» мәртебесі қойылған жағдайда салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына жүгінуді сұраймыз.

Бүгінгі күнге Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық есептіліктерін тапсыру бойынша салықтық міндеттемелері орындалмаған әрекетсіз салық төлеушілер саны 525, оның ішінде 417 заңды тұлға, 108 дара кәсіпкер. Жалпы тіркеуде тұрған салық төлеушілердің ішінде үлес салмағы 2,7 %.

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген салық төлеушілер бойынша ақпарат алу: Шымкент қ., Байтұрсынов көш. 68 үй, тел. 36-70-97 немесе http://kgd.gov.kz сайты;

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

«Ақпаратты өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы Қ.Сапарбекова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.