Көлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 2 ай қалды!

Четверг, 28 Ноябрь 2019 05:33 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1027 раз

Құрметті автокөлік иелері!!! Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2019 жылға көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

- меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

Жеке тұлға салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

Көлік салығы жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2019 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.

Сонымен қатар, еgov.kz порталында авторизация жасамай және электрондық цифрлық қолтаңбасыз салықтарды электронды түрде төлеуге болатынына назар аударады. Ол үшін, Egov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Және де, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да kaspi.kz, homebank.kz және т.б. төлеуге болады.

 

                                                                 Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы

 

Последнее изменение Четверг, 28 Ноябрь 2019 05:53
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.