"Электронды лицензиялау" порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Пятница, 24 Май 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 830 раз

"Электронды лицензиялау" порталы мемлекеттік пен жеке сектор арасындағы өзара ақпараттық байланыстың тиімді механизмін қамтамасыз ету құжаттары мен лицензиялау үдерістерін автоматтандыру мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл жоба Қазақстандағы сандық технологияны дамытып, ортақ элетрондық базаларды құру аясында жасалған.                                                                                                      

"Электронды лицензиялау" платформасы жеке және заңды тұлғаларға онлайн қызмет көрсетеді. Олардың бірқатар артықшылықтары бар:

• Жеке немесе заңды тұлғаның кәсібіне қатысты құжаттары мен лицензияларының жарамдылығын тексеру 
• Жаңадан лицензияланған құжаттарды мемлекеттік органдарға электронды түрде өткізу 
• Жеке кабинетте электрондық құжаттарды сақтау 
• Орындалған қызметтер нәтижесін онлайн сақтау, қажет болған кезде алу 
• Электрондық өтініштерді қарау мәртебелері және мерзімдерін бақылау
• Лицензиялар және рұқсат құжаттарын алу үшін құжаттардың толық пакетін қоса беруді қысқарту
• Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жеке берілген өтініштердің барлығын қарау мониторингі

Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту аясында іске қосылған жобалардың бірі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі болып табылады. www.elicense.kz  порталы арқылы  өнеркәсіп, сәулет және құрылыс, экспорт-импорт  және т.б. саласындағы кәсіпкерлік қызметтің  шамамен 500 түріне өтініш беруге болады Өтінішті тиісті органдар қабылдайды және өңдейді.

Жобаның жетістігі.Жоба кезең-кезеңмен  2008 жылдан бастап дамыған, бірінші кезеңде орталық деңгейдегі мемлекеттік органдар: министрліктер мен агенттіктер қосылды, және 2012 жылы енгізу жөніндегі жұмыстар аяқталды.  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен (тиісінше, ақпараттандыру және лицензиялау саласындағы уәкілетті органдар) бірлесіп, е-лицензияны қағаз лицензияға теңестіруден басқа, барлық мемлекеттік органдарды лицензиялар мен рұқсат құжаттарды тек электронды  форматта беруге міндеттеп, бірнеше заңнамалық актілерге түзетулерді енгізуді қамтамасыз етті.  

Жүйеде жұмыс жасауға барлық сұрақтар бойынша «электрондық үкімет» Call-орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Қазақстан бойынша қоңырау тегін.

Шымкент қаласы

Еңбекші ауданының

аумақтық сот орындаушылар

бөлімінің сот орындаушысы

Н.Серік

Последнее изменение Пятница, 24 Май 2019 00:00
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.