Версия для печати

Сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес

Четверг, 26 Декабрь 2019 05:27 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3705 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мелекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыда құқық бұзушыларға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де,жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай,әрі қарай жалғасын табады деген сөз.Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Елбасымыз айтып өткендей, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін басты мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын ала болдырмау шараларын жүргізу.

Елбасының саясатын қолдай отырып,еліміздің экономикасын өркендету мақсатында біздер, яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң бұзушылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге ат салысу керек.

 

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы

Б.Жүніс

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.