СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ АДАЛДЫҚ САҒАТЫН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТКІЗДІ

Вторник, 19 Май 2020 07:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 103 раз

WhatsApp Image 2020-05-19 at 11.59.52

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде.
Бұл жолы дәстүрлі түрдегі кездесу онлайн форматта өтті.
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы – «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп аталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Аталған акция аясында Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орны және 30 колледждің 1-курс студенттері мен үшінші мегаполистегі 147 мектептің 9-11 сынып оқушылары қамтылды.
Екі тілде Агенттіктің Youtube-арнасы мен Департаменттің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында өткен бейне-дәрісте «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелері мен студенттер, оқушылар өз пікірлерін білдірді.

 

WhatsApp Image 2020-05-19 at 12.00.08WhatsApp Image 2020-05-19 at 12.00.26


«Бүгінгі республикалық «Адалдық сағаты» біздің білім алушылар үшін үлкен ой салып, рухани құндылықтарын еселей түсті деп айта аламыз. Абай Құнанбайұлының ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайға деген құрмет, әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Шын мәнінде, ақынның артында қалған еңбектері мен өмір жолына қарап «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп толық айтуға негіз бар. Ол мұраны қазіргі ұрпақ өмір сүрудің негізгі қағидасына алу қажет» - дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Сәкен Мәжінбеков.
«Бейнеролик өте сапалы түсірілген және түсінікті тілмен жеткізілген. Өзіме қатты ұнады. Еліміздің болашағы ретінде біздер адалдықты, парасаттылықты насихаттап, осы құныдылықтарды өз бойымызға сіңіру қажетпіз» - дейді қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Төлеби Байтасов.
Адалдық сағатына қатысты өз ойын білдірген «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, Ұлы Абай әр қазақты парасаттылыққа, адалдыққа, патриоттылыққа шақырғанын жеткізіп, жастарымызға әрқашан ақын еңбегін насихаттап отыруға шақырды.


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ

ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.