Мемлекеттік қызметкер адал қызмет етуге міндетті

Среда, 20 Май 2020 02:56 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 593 раз

Мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаға артылар жауапкершілік жүгі   қай-кезде де ауыр екені мәлім.   Мемлекеттік органдарды қызмет атқарып отырған әрбір мемлкеттік қызметші білім мен тәжірибиесін, күш-жігерін өзі жұмыс жасайтын орында өз кәсібіне жұмсайтыны анық. Мемлекеттік қызметкер өз Отаны – Қазақстан Республикасына, өз халқына қалтқысыз адал қызмет етуі тиіс. Осыған орай,

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қлғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сондықтан да қоғам бойынлдағы бұл кесапат   кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сйкесті буындарды тұншықтырып, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді, Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлкеттік органдың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орайт мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген таптың ғана емес, мемлекеттік органдардың , мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.

 

 

Еңбекші ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Торламбаев А

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.