Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі Табыс пен тұрмыс сапасын арттыр» атты жолдауы

Пятница, 12 Июнь 2020 10:38 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3130 раз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі Табыс пен тұрмыс сапасын арттыр» атты Жолдауында дағдарыс қыспаққа алып тұрған кезеңде халықтың әл-ауқатын әлсіретпей, тығырықтан шығу жолдарын нақты көрсеткен, Ұлттық валютаға деген сенімді нығайту өте маңызды екендігін және Қазақстан ДСҰ-ның толық құқықты мүшесі болғанын атап өткен.

Әрине, әлемде дағдарыс дендеп тұрған кезеңде, халықтың алдағы уақытта жағдайы қалай болар екен?- деген сауал мазалағаны рас. Сол сауалдардың жауабын елбасының өз аузынан естіп білдік.

Мәселен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев зейнетақы қаржысын бизнесті қаржыландыру үшін пайдалануды тоқтату керек,- деп айтқан ойын қолдаймыз. Өйткені әр адам болашақта зейнетақымен қамтамасыз етілуіне алаңдайтыны сөзсіз.

Әрине, Жолдауда көптеген мәселелерге қатысты межелі бағыт-бағдарлар сараланып, салмақты таразыланған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру – мақсатымыз» болса, Жолдауда көрсетілген жолмен жүретін болсақ, қазақ елінің басына туатын ондай күннің де алыс емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп, мәңгілік ел – Қазақ елі болатынымыз айдан анық. Тәуелсіздікті баянды ету - оған қол жеткізуден де қиын екенін біз осы жылдар ішінде көріп-білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайту үшін бізге әлі талай күрделі, өтпелі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

Ең жақсы жоспар - заман талабына бейімделген жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды нақтылап отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз - Қазақстанды мәңгілік ел ету», - деген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев сөздері әр қазақстандықтың қаперінде жүрер ізгі сөздер деп ойлаймын . 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударылған. Елбасы өз сөзінде ұлттық теңгеміздің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі маңызын арттыру мақсатында атқарылатын нақты іс-шараларды атап көрсеткен.

Сонымен қатар, ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен білім алушылардың шәкіртақысын, зейнетақыны белгіленген пайыздық мөлшерде көбейту т.б. мәселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілген.

 

 

Шымкент қаласы Әділет департаменті «Тіркеу қызметін ұйымдастыру» бөлімінің басшысы  

Ботан Дина Батабекқызы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.