Ашықтық – сыбайластыққа жол бермейді

Понедельник, 15 Июнь 2020 05:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2511 раз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама. Яғни сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болғаны сөзсіз.

юстиция фотоҚазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Әлеуметтік қасірет болып табылатын жемқорлық кеселі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Ал Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігі баса айтылған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілену керектігі көрсетілген. Сондай-ақ заңсыз және арандатушылық әрекетке барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалай отырып, ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқтығы көзделген.
Бұл жөнінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңы да қабылданған. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады.
Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық «Адалдық алаңы» және «Адал ұрпақ» жобасын іске қосу арқылы барлық мемлекеттік мекемелерде және жоғары оқу орындарында азаматтардың өзі-өзіне қызмет ету бұрыштары мен адалдық алаңы фронт-офистері ашылды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңа әдістер енгізу мақсатында жоба менеджменті қолданыла бастады.
Сонымен қатар жаңа бағдарлама – «Электрондық Үкімет» енгізілді, онда мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен айқындықты сәйкесінше, олардың қоғамдық институттардың бақылауында болуын қамтамасыз ету көзделген.
Мемлекет басшысының меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің қабылдануы ерекше орын алады. Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральды-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ олардың мінез-құлқының базалық стандарттары айқындалды.
Шымкент қаласының Әділет департаментінде арнайы магистр психологтардың қатысуымен «Психологиялық өсу мен дамуды анықтау», «Пара берме» челенджі, «Жалоба как подарок», «Әдептілік нормалары», «Мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейеді», «Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің этикасы» атты бірқатар қызметкерлерге тиімді іскерлік қарым-қатынасқа оңай қол жеткізуі және тұлғалық құзіретті дамытуды көздейтін стратегиялық бағыттағы формулалар түсіндіріліп, семинар-тренингтер үнемі өткізіліп тұрады.

 

Б.АЛИПБЕК,
Шымкент қаласының
Әділет департаменті
басшысының
орынбасары,
Әдеп жөніндегі
уәкіл

Последнее изменение Понедельник, 15 Июнь 2020 05:18
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.