Салық төлеушілер назарына!

Среда, 02 Сентябрь 2020 11:39 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 196 раз

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 166 – бабының 6-тармағына сәйкес бақылау-касса машинасының (бұдан әрі - БКМ)чегі мынадай ақпаратты:

1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) БКМ зауыттық нөмірін;

4) БКМ салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатыпалынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құнсалығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құнсалығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құнсалығының сомасын;

14) БКМ пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15)БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.

Салық төлеушілер БКМ қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екендігіне назар аударамыз (Салық кодексінің 13-бабының 3- тармағының 4) тармақшасы).

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Последнее изменение Среда, 09 Сентябрь 2020 11:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.