Жұмыс кестесін емес, жұмыс тәртібін өзгерту керек

Среда, 30 Сентябрь 2020 05:32 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 877 раз

730b2397-0ff2-4a21-918c-1707ee663efc

30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке қарсаңында Шымкент қаласы Әділет департаментінің бастығы Нұржан Махамбетовпен аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті. Жұмысқа кіріскеніне көп бола қоймаған жаңа басшы департаменттің жұмысын жүйелеуге көшкенін айтты.

7/24 немесе WhatsApp-тың тиімділігі

Ашықтық және қолжетімділік. Бұл сөзді әркім әрқалай түсінуі мүмкін. Ал мемлекеттік қызметте жүргендер ел Президенті қойған талап деп ұғынса керек-ті. Нұржан Әлиханұлы бұл ұғымды «халыққа бір емес, екі қадам жақындау» деп біледі. Олай дейтініміз басшы алдымен ұжымның жұмыс тәртібін өзгерте отырып, тұрғындарға жақындау керек деген ұстанымды алға тартты.

– Пандемия кезінде елде көптеген проблемалар болып жатты. Соның бірі – мекемелердің алдында адамдардың топтасуы еді. Әлеуметтік мәселелерді шешудің өзінде кейбір жағдайларға көңілім толмады. Қазір сол кедергілерді жоя отырып, жұмыс істеуге бекіндік. Бұған дейін департаментте тұрғындарды қабылдау аптасына бір рет ұйымдастырылып келген. Қазір ол олқылықтың орнын толтыру үшін әр салаға жауаптылардың байланыс нөмірлерін тұрғындарға қолжетімді еттік. Оны департамент орналасқан ғимаратқа кірген әрбір адамның назары түсетін орыннан көруге болады. Әділдік іздеп келген тұрғындардың мәселесіне қанағаттанарлық жауап алып кеткенін қалаймын және бізге келеушілер ешқандай қоңыраусыз да өз істерін бітіре алатынына сендіргім келеді. Мессенджерлер тиісті сала мамандарымен байланысудың оңай тәсілі болса, Open space ашықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - дейді ол.

 

f5817bc0-d638-420c-9b54-c83fe066921d

Шымкент қалалық Әділет департаментінің бастығы Нұржан Махамбетов

Жалған кәсіпкерліктің жолын кесу, алимент төлеуден жалтарған азаматтармен күресті күшейту. Жалақы қарызын барынша азайту. Сот орындаушылар жұмысының тиімділігін арттыру. Міндет айқын, меже белгілі. Нұржан Махамбетов жүз жылдық тарихқа ие әділет органдарының жұмысын жетілдірумен қатар, халықтың құқықтық сауатын ашуды қалайды. Бұл ретте департамент басшысы жаңа технологияның мүмкіндігін қолдана отырып, тегін қызметтер түрін ұсынбақ.

– Қазір адамдар уақытын тиімді жұмасуы үшін цифрлық технологияның көмегімен көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, мекеме табалдырығын тоздырмай алуға жағдай жасаланып тиісті жұмыстар өз дәрежесінде атқарылуда. Әділет департаментіне жүгінген азаматтар үшін алдағы уақытта Telegram бот арқылы тегін қызметтер легін ұсынамыз. Әлеуметтік желілер арқылы біздің департамент қызметкерлерінің жұмысына берген халықтың лайықты бағасын саралауға көштік. Ашық алаңшаға тұрғындар ойын еркін білдіріп, шешімін таппаған мәселелері болса айта алады. Біз оны назарға алып, тиісінше жауапты жолдаймыз. Президент Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарын барынша ашықтыққа шақырып отыр. Біз осыны іс жүзінде жүзеге асырудамыз. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда онлайн-форматта сауалнама іске қосылды. Оған кез келген пайдаланушы қатысып, Әділет департаментінің қызметіне баға бере алады және дәл сол жерден Департамент басшылығының жеке қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың көріністері жайлы Әділет департаментінің сенім телефонына 33-79-29 нөмiрi арқылы хабарласуға болады. Осы және басқа да шараларды жүргізу арқылы Әділет департаментінің қызметінің ашықтығы принципін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру бағытын басымдық ретінде белгіледік,- дейді Н.Махабетов.

Салада атқарылған жұмыстарды айтып, жағымды жаңалықтармен бөліскен Нұржан Әлиханұлы кәсіби мереке – Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен барлық әріптестерін құттықтауды ұмытпады.

– Барлық әріптестерімді төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Әділікті ту еткен әрбіріңіздің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілегім келеді. Елге атақ-абыройымызбен емес, атқарған жұмыс, сіңірген еңбектеріңізбен сыйлы болайық! Әлемді шарлаған аты жаман індеттен сақтанып, ауру-сырқаудан аман болайық, мереке құтты болсын!

Последнее изменение Среда, 30 Сентябрь 2020 06:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.