ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағы және 18-бабы 5-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, «Шымкент қаласы білім басқармасының «Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстары» бойынша арнаулы тәртіп қолданылған конкурс процедурасының ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудиторлық іс-шара нәтижесінде, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 27-бабының 6-тармағының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының 150 тармағы 1 тармақшасының талаптары сақталмай, нәтижесінде жалпы сомасы 7 134,7 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.
У.Умирбеков,
Шымкент қаласы бойынша Ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
№1 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы