Мемлекеттік сатып алудың талабы сақталмаған

Среда, 30 Сентябрь 2020 05:55 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 211 раз

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен, заңды тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде, Шымкент қаласы бойынша конкурстарды бірыңғай ұйымдастырушы болып табылатын «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Арнайы тәртіпті қолдана отырып ұйымдастырылып өткізілген 21 конкурста мемлекеттік сатып алу процедурасының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаларының талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізілді.
Аудит нәтижесімен, бірыңғай ұйымдастырушымен бекітілген комиссия мүшелері, конкурсқа қатысушыларды конкурстан шеттету барысында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі» 56-тармағы 1) тармақшасының, яғни «конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипатталған. Оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуға тиіс, - деген талаптарын сақтамаған. Сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының 150-тармағында конкурсқа қатысушылардың конкурсқа жіберілмеу негіздері айқындалған. Бұл жерде, аудит қорытындысымен, конкурстар бойынша әлеуетті өнім берушілерді жоғарыда көрсетілген Қағиданың талаптарында көзделмеген негіздермен конкурсқа қатысуға жібермеуі, яғни негізсіз шеттету фактілері орын алғаны анықталды.
Жоғарыда анықталған бұзушылықтардың негізінде, аудит нәтижесімен бірыңғай ұйымдастырушымен бекітілген комиссия мүшелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы 7-бөлігі және 12 бөлігімен хаттамалар толтырылып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді.


Н.ИСМАИЛОВ,
Шымкент қаласы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаменті
қаржылық есептілік аудиті бөлімінің
бас маман – мемлекеттік аудиторы

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.