Версия для печати

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде бұзушылықтар анықталды

Среда, 23 Сентябрь 2020 06:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2606 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының білім басқармасының «Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.03.2020 жыл мен 30.06.2020 жыл аралығында аудиторлық іс-шара жүргізіліп нәтижесінде 10.07.2020 жылы аудиторлық есеп түзілді. Аудиторлық іс-шара барысында Конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасының 4,5,6,10 өлшемшарттары сақталмай жалпы сомасы – 12 913,2 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Бұл ретте, «Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні таңдау жөніндегі конкурстың», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығының талаптары сақталмаған. Аудит объектісінің лауазымды тұлғаларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп шаралар қабылдау ұсынылды.

 

А.КИИКБАЕВ,
ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік

аудит департаменті №1 Сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.