Үш компонентті интеграцияланған жүйе

Четверг, 19 Ноябрь 2020 10:18 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 216 раз

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес Үш компонентті интеграцияланған жүйе (бұдан әрі – УИЖ) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе болып табылады. ҮИЖ және оны есепке алу талаптары, орнату және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 9 қазанда комитет жанындағы Сараптамалық кеңестің шешімімен ҮИЖ бірыңғай тізіліміне Trinity моделі енгізілді, осы модельді әзірлеуші "Digital Trade System"ЖШС болып табылады.ҮИЖ бірыңғай тізілімі Комитеттің сайтында сілтеме бойынша ҮИЖ бөлімінде орналастырылған http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkomponentnyh-integrirovannyh-sistem-1.

 

              Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ЖАДЫНАМА E-Salyq mobile қосымшасының сервистері »