МАҚСАТ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Вторник, 16 Февраль 2021 10:55 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4123 раз

aldyn-alu

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген. Басты бағыт ретінде превенция, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған  маңызды заңнамалық шараларды түсіндіру мақсатында ұжымдармен тұрақты түрде кездесулер ұйымдастыруда.

Кезекті шара бүгін қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен өтті. Жиынға Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев,  қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Бейсебаев және жеке құрам қатысты.
Жиында сөз алған Асхат Жұмағали Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шаралар, жемқорлықпен күрестегі мемлекеттік органдардың рөлі жайында мәлімет берді.
Сонымен қатар, Асхат Жұмағали Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында парақорлықпен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынғанын хабарлады.    

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мекемеде парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізу жолдары талқыланды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерге, Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі қорытындысына кеңінен тоқталды.
Өз кезегінде қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков Штабтың мақсаты – әділдік, парасаттылықты дәріптеу екендігін айта келе, адам өміріне жауапты салалардың бірі ретінде қызметтерінде тек адалдық қағидаттарын ұстануға шақырды.  «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» - деп адамның ары таразыға түскенде, ешқандай сыбайластық болмау қажеттігін атап өтті.

Шараны қорытындылаған қалалық төтенше жаңдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Аманбек Бейсебаев жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.