Декреттік төлем қалай рәсімделеді?

Вторник, 27 Апрель 2021 06:52 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6145 раз

WhatsApp Image 2021-04-27 at 12.51.03

Кірісінен айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі.

"Жүкті болу және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау" мемлекеттік қызметін ХҚО-да рәсімдеуге мына құжаттар қажет:

- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Банк шоты жайлы мәлімет;
- Жұмысқа жарамсыздық парағы;
- Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады.
Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.

Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО-лар арқылы жүктілік пен босануына байланысты 4 мыңнан астам әлеуметтік төлем тағайындалды.

Еске сала кетейік, жүктілік пен босануына байланысты төлемдерді eGov.kz порталы арқылы да рәсімдеуге болады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген аналар үшін баланың тууын тіркеуге, жәрдемақы тағайындауға және баланы балабақшаға кезекке қоюға мүмкіндік беретін проактивті қызмет қарастырылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ХАБАРЛАНДЫРУ! Жаңа құжат алуға 5 қадам »