Шымкент ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске қосылды

Пятница, 04 Июнь 2021 12:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3788 раз

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді. Енді курьер сізге дайын құжаттарды қажетті мекенжай бойынша жеткізеді. Бұл қызметтің құны 970 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда жеткізу сервисі арқылы 144 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, Мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар. Ал, жүргізуші куәлігі, жеке куәліктерді, паспорттарды және басқа да құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі жақын арада қолжетімді болады.

 

kurier-2

 

«Құжаттарды жеткізу қызметі жеке тұлғаларға көрсетіледі, сервиске 144 мемлекеттік қызмет қосылған. Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін, веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, ол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізілім ақысын сол сілтеме арқылы төлеу керек. Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны 970 теңге», - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков.

Еске салайық, дайын құжаттарды жеткізу қызметі осы жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. Енді ол Шымкент қаласының тұрғындарына да қолжетімді. Сондай-ақ, Egov.kz электронды үкімет порталында техпаспорт пен көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі қолжетімді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.