Версия для печати

Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы

Среда, 07 Июль 2021 12:20 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2509 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №67), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №68), «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №26), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы  11 маусымдағы №28 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №28), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 02 шілдесінен бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

2.1. адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін;

2.3. қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

3. Шымкент қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, Шымкент қаласында меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:

3.1. Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне рұқсат беруді және шектеуді осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес іске асыруды;

3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді;

3.3. Ұлттық құрама командаларына, клубтық командаларға спорттық жаттығуға, (30 адамнан аспайтын), қатынассыз термометриямен, спорттық базада тұру жағдайында өткізуге рұқсат етілсін. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда қалалық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

3.4. банкет залдардың жұмысына, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінде және басқа да жерлерде еске алу, той, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, "құдалық", "беташар" және басқа да салтанатты, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

3.5. саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуді;

3.6. Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуді;

3.7. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек

балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етуді.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етілсін;

3.8. денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынсын;

3.9. қоғамдық тамақтану орындарда кальян колдануға тыйым салынсын;                

3.10. ҚР БМСДҚ қосымшасына сәйкес, алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілсін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

3.11. арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты режимде ұйымдастыруды.

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, денсаулық сақтау субъектілеріне, меншік иесіне қарамастан жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:

4.1. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтілсін, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

4.2. адамдар көп жиналатын жерлерді, соның ішінде қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарын, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, карантин аяқталғанға дейін залалсыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;

4.3. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

4.4. инфекциялық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолданып залалсыздандыру іс - шараларын жүргізу қамтамасыз етілсін;

4.5. тұрақты түрде, Шымкент қаласы бойынша меншік иесіне қарамай барлық зертханалық зерделеу ауқымын жүйелендіріп, ПТР тестілеудің, ПТР-зерттеу бойынша есебін, бірыңғай бағдарламаға енгізіп интеграциялауымен қамтамасыз етсін;

4.6. медициналық ұйымдарда аймақтандыруды, күшейтілгенсанитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілсін.

5. Меншік иесіне қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин уақыты кезеңінде:

5.1. Халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда, бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін, (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету) жүргізілсін;

5.3. персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауы қамтамасыз етілсін, персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауына бақылау күшейтілсін;

5.4. атқаратын қызметі ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;

5.5. барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етілсін;

5.6. қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етсін;

5.7. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы»» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы  3 маусымдағы №26 қаулысына сәйкес атқарады».

6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарда (базарлар, қоғамдық көлік, коммуналдық нысандар, шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар, спорт объектілері, сауда объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, банктер, ХҚКО, «Казпошта» АҚ бөлімшелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелер және т.б.) коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

6.2. қаланың мониторингтік мобильді топтарының және Бірыңғай үйлестіру орталығының жұмыстары күшейтілсін;

6.3. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаменті, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін:

7.1. «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі негізінде нысандардың қызметін қайта бастауды;

7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісін көрнекті жерге орнатуды;                                         

7.3. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайтын пайдалануды;

7.5. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге

асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастыруды;

7.6. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (шектеу іс-шараларын, оның ішінде ҚР БМСДҚ қосымшаларында айқындалған карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7. нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандарының қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;

7.8. коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында жұмысын қайта бастаған нысандарға, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

8. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысына: Шымкент қаласына вакцинаны жеткізудің жоспарланған көлемін ескере отырып КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жалғастырсын:

8.1. меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың барлық бейіндегі медицина қызметкерлеріне;

8.2. меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарының педагогтарына;

8.3. учаскелік полицейлерге;

8.4. ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, қалалық прокуратураның аудандық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;

8.5. студенттерге;

8.6. медициналық - әлеуметтік мекемелерінің персоналы мен контингенті, жабық балалар мекемелерінің персоналына;

8.7. мемлекеттік қызметкерлеріне, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасының контингенті, ұлттық құрама командаларының мүшелеріне;

8.8. созылмалы аурулары бар адамдарға (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары);

8.9. тіркелген жері бойынша 18 жастан асқан басқа адамдар.

9. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына:

9.1. Шымкент қаласының білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және Шымкент қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығына» түскен тұлғаларды ПТР тестілеуімен тексеру қамтамасыз етілсін.

10. Күші жойылды деп танылсын:

10.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.06.2021 жылғы №19 қаулысы;

11. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

12. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

13. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

14. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.      

 

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаев


 

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  01 шілдедегі

№20 қаулысына

1-қосымша

 

Әлеуметтік - экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Жұмыс тәртібі

«Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі

Өнеркәсіп

Қалыпты режимде

-

Коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі

Қалыпты режимде

-

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері

Қалыпты режимде

-

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

Қалыпты режимде

-

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қалыпты режимде

-

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.)

Қалыпты режимде

-

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

Қалыпты режимде

-

Гүл дүкендері, фотосалондар

Қалыпты режимде

-

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

Қалыпты режимде

-

 Музейлер, кітапханалар

Қалыпты режимде

-

 Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

Қалыпты режимде,

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде,

алдын ала жазылу бойынша

-

 Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар,  маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

Қалыпты режимде,

алдын ала жазылу бойынша

-

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

Қалыпты режимде

-

 Супермаркеттер, гипермаркеттер

Қалыпты режимде

-

Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

Алаңы 2000 ш.м дейін  уақыт бойынша 08.00-ден 20.00-ге дейін шектеумен

-

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер

Қалыпты режимде

-

Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес),

Қалыпты режимде, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

-

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).

Қалыпты режимдетолтырылуы 80%-дан асырмай

қонақ үйлер, отельдер қалыпты режимде

 Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

Қалыпты режимде,

алдын ала жазылу бойынша

-

Қоғамдық көлік

Қалыпты режимде

(бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша)

-

Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері

Уақыт бойынша

09:00-ден 18:00-ге дейін шектеумен

ХҚКО қалыпты режимде

Мектепке дейінгі мекемелер

Қалыпты режимде, кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде

-

Ұйымдар, офистер

Қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген Ұйымдар, офистерді қоспағанда,

80 -қашықтықтан,

20-күндізгі режимде, бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде                      COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі

-

Діни объектілер

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей қалыпты режимде.

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асыруға рұқсат.

-

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Уақыты сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін

Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Жазғы алаңдар

Уақыты сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсету) үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін

Сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

Сағат 00:00-ге дейін шектеумен

-

Піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындарды қоса алғанда, Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек), жеткізумен және әкетуге жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерімен фудкорттар 

Әкету мен жеткізу қалыпты режимде. Фудкорттар тек әкетумен және жеткізумен жұмыс жасайды

«Ashyq» жобасына қатысатын Фудкорттарға  толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10:00-нан 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Моншалар

Қалыпты режимде

-

Сауналар

Қалыпты режимде,

сенбі және жексенбі күні жұмысын тоқтатумен

Қалыпты режимде

СПА-орталықтар, бассейндер

Қалыпты режимде,

сенбі және жексенбі күні жұмысын тоқтатумен

Қалыпты режимде

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

Тыйым салу

-

Спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

Қалыпты режимде,

сенбі және жексенбі күні жұмысын тоқтатумен

Қалыпты режимде

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

Қалыпты режимде,

сенбі және жексенбі күні жұмысын тоқтатумен

-

Мәдениет объектілері (дайындық)

Тыйым салу

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдардың қатысуына рұқсат етіледі

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

Тыйым салу

Толтырылуы 30%-дан асырмай

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салу

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салу

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес

Бильярд

Тыйым салу

Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 30%-дан артық емес

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

Тыйым салу

Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 30%-дан артық емес.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

Букмекерлік конторларының, оның ішінде онлайн режимінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лотерея ұтыс ойынын жүргізуге

Тыйым салу

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындарға бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде жұмыс істеуге руқсат

Боулинг

Тыйым салу

Сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс режимімен толтырылуы 30%-дан артық емес

Цирктер

Тыйым салу

Толтырылуы 30%-дан асырмай

Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар)

Тыйым салу

Алаңы 1000 ш.м-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай.

Алаңы 1000 ш.м-ден жоғары бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай руқсат

Ашық ауадағы аттракциондар

Қалыпты режимде

-

Балаларды сауықтыру ұйымдары

     Қалыпты режимде,

толтырылуы 30%-дан артық емес.

-

Жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңшаларды) ұйымдастыруға

Тыйым салу

-

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

Тыйым салу

Толтырылуы 20%-дан артық емес

Ас беру (еске алу)

Тыйым салу

-

Банкет залдары

Тыйым салу

Сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін, бір адамға кемінде                4 ш.м. шектеумен ас беруді өткізу үшін толтырылуы 30%, бірақ 30 адамнан асырмай, мейрамханалар және дәмхана типі бойынша толтырылуы 50%, бірақ 50 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат

Түнгі және ойын клубтары

Тыйым салу

-

Караоке

Тыйым салу

Толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Зоосаябақ

Қалыпты режимде

-

Аквасаяжайлар, жағажайлар

Қалыпты режимде

-

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

Тыйым салу

-

Көрмелер

Тыйым салу

Толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м.кем емес алаңмен қамтамасыз етілген , бірақ бір уақытта 150 келушілерден аспайтын

 Марафондар (ашық ауада)

Тыйым салу

30 адамнан артық емес

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.