Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары туралы

Вторник, 25 Май 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1903 раз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1557 қаулысы, 2015 жылғы 7 тамыздағы № 620 қаулысының күші жойылғаны белгілі. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 (2021.28.05. берілген өзгерістермен) бұйрығына сәйкес, «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары; «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары;

«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жалпы ережелеріне тоқталар болсақ,  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады, бірақ тоқсанында кемінде бір рет;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсету үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау комиссиясының аттестаттаудан өткені туралы не аттестатталмағаны туралы шешімі. Комиссияның шешімін беру қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) өтініш;
      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын

куәландыратын құжатының көшірмесін;
      3) жоғары заңгерлік білімі туралы дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      4) бүкіл Қазақстан Республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
      5) нотариуста тағылымдамадан өткені туралы қорытынды;
      6) еңбек кітапшасының көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      7) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

     Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. интернет-ресурстарында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

 Абдуллаева Айгерим Алкеновна,
Шымкент қаласының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру
және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.