Сот жариялаған байқау үздіктері анықталды Избранное

Пятница, 06 Август 2021 03:47 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2042 раз

«Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 10 жыл толуына орай Шымкент қалалық сотында ұйымдастырылған «Дау мұраты – бітім» атты эссе конкурс мәресіне жетті. Қалалық сотта байқау жеңімпаздарымен қатар кәсібилігімен көзге түскен медиаторлар да марапатталды.

651

 

Салтанатты жиынға қалалық соттың алқа төрағасы М.Парменов, Абай аудандық сотының судьясы Л.Әуелбекова, қалалық адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймұратов, медиаторлар, суденттер және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Эссе байқауға студенттер мен оқушылардан 40-қа жуық жұмыс түскен. Қазылар алқасының құрамына судьялар, адвокаттар мен медиаторлар енді. Олар медиацияның қоғамдағы орны, тиімділігі мен оны дамыту тетіктері туралы еркін форматта жазылған шығармаларды іріктеді.
Қазылар алқасының шешімімен «Ең үздік» номинациясымен №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Александра Пустовойтова және Карина Ли, ал «Үздік» номинациясына Бақытжан Әбдіжаппаров пен Ержан Әлмахан лайық деп танылды. Жансұлу Мырзабек, Арсен Байметдиев және Ақнұр Уалиқызы арнайы мадақтамаға ие болды.
Сонымен қатар, Медиация күніне орай кәсіби медиаторлар Динара Байсерікова, Лаура Ақшегірова, Елмира Есімбетова, Дана Кенжеқұлова, Нұрбала Оразқұлова және жастар мәслихатының депутаты Жасмин Әшімова алғыс хатпен марапатталды.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.